Тәрбие жұмыстары

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

День Пионерии.
Автор: Шажлиева Р.О

Тәуелсіздік шежіресі

Тәуелсіздік  шежіресі

Мақсаты: оқушыларды  еліміздің  тәуелсіздік  алған  жыл  ішіндегі  жеткен  жетістіктерімен  таныстыру.

Отанды  сүюге байлығын  қорғауға,  білімді  болуға  тәрбиелеу.

Қазақ  елінің  рәміздерін  қастерлеуге,  туған  жерге,  атамекеніне  деген сүйіспеншілігін  арттырып,  халқымыздың  әдеп  ғұрпын,  салт  дәстүрін  сақтап,  әрі  қарай  жалғастыруға  тәрбиелеу.

Көрнекілік:  стенд: «Тәуелсіздік   шежіресі»,  «Президент»,  «Астана  - бас  қала»,  «Теңге», «Ел  рәміздері»,  слайдтар,  бүктемелер.

Кіріспе  сөз.

Оқытушы:  Құрметті  ұстаздар,  оқушылар,  биылғы  жылдың  ерекше  екенін  баршаңыз  білесіздер.  Ғасырлар  бойы  аңсаған  тәуелсіздікке  еліміздің  қол  жеткізгеніне  21   биыл  жыл.

Осы  уақытта  халқымыздың  тарихын  түгендеп,  жоғалғанымыздың  тауып,  өткенімізді  жандандырып,  елімізде  талай  қиындықтар  мен  қуаныштар  болғаны  белгілі.

Тәуелсіздік  біздің  ең  басты  байлығымыз.Ендеше  бізде  Тәуелсіз  еліміз  жүріп  өткен    21жылдың  шежіресіне  ой  жіберейік.

Оқушы:  Қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  аңсаған  арманына  жетті.  Егемен  ел  болу  үшін  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  белгілері  болуы  керек

Ұлттық  белгілері:

Елтаңба                         Туы

Әнұран                          Мемлекеттік  тілі

Мемлекеттік шекара    Мемлекеттік   заңы

Әскер                              Теңге

 1-оқушы:  1991 жылы  16  желтоқсан  күні  Республика  жұртшылығы  тұңғыш  рет  Н. Ә.  Назарбаевты  Республиканың  Президенті  етіп  сайлады.

Осы  жылдың  10 желтоқсанында  Президент  жарлығы  бойынша  Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  атауы  Қазақстан  Республикасы  болып  өзгертілді.  16желтоқсан  күні  Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Кеңесінің  Ү сессиясы  Қазақстан  Республикасын  «Тәуелсіз  демократиялық  мемлекет»  деп  жариялады.

Осы  жылы  тұңғыш  қазақ  ғарышкері  Тоқтар Әубәкіров  ғарышқа  самғады.

  1-оқушы: 1992  жылы  30 қыркүйекте Дүние  жүзі  халықтарының  құрылтайы  болды.

Осы  жылы  Қазақстан  Республикасы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымына  мүше  болып  кірді.

2-    оқушы 1993  жылы 28  қаңтарда Тәуелсіздік  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Ата  заңы  қабылданды.

15 қ араша  күні  Қазақстан  Республикасының  ұлттық  валютасы - теңге  айналымға  енді.

3-    оқушы  1993  жылы  29  мамырда  киелі  ордабасы  жерінде  Төле  биді,  Қазыбек  биді, Әйтеке  биді  еске  алу  жиыны  болды. Билеріміз  қайта  оралды.  Билеріміздің  сөз  үлгісіне  зер  салайық.  (  Билер  шығады). Өлеңдерін  оқып  береді.

4-    оқушы:  1994жылы  жаңа  ордендер  мен  медальдар  дүниеге  келген.

Екінші  қазақ  ғарышкері  Т.  Мұсабаев  «Союз  ТМ »  ғарыш  кемесімен  көкке  самғады. Қазақстан  Республикасы  МАГАТЭ  халықаралық  Атом  Агентіне мүше  болып  қабылданды.

5-    оқушы  1995  жылы  1  наурызда  Қазақстан  Халықтары  Ассамблеясы  құрылды.

30 тамызда  Ата  заңымыз  қабылданды.

Ата заңы  туралы  слайд.

6-    оқушы: 1996  жылы  желтоқсанда  Алматыда тәуелсіздік   монументі  ашылды.

Слайд: «Елтаңба,  Гимн,  Ту».

7-    Оқушы: 1997  жылы  желтоқсанда  Ақмола  қаласы  Қазақстан  Республикасының  астанасы  болып  жарияланды.

 Астана  туалы  слайд.

1-оқушы: 1998  жылы  Халық  бірлігі  мен  ұлттық  тарих  жылы  деп  жарияланды.

2-оқушы: Осы  жылы  Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан -2030»  даму  стратегиясы  жаияланды.

3- оқушы  1999  жылы  10 қаңтарда  Н. Ә.  Назарбаев  7 жыл мерзімге Қазақстан  Республикасының  Президенті  болып  қайта  сайланды..

4-оқушы: 2000  жыл Мәдениетті  қолдау  жылы

5- оқушы:   2001  жылы  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігіне  10 жыл.

Өлең  «Тәуелсіздік» 

3- оқушы:  Тәуелсіздіктің  бұл  мерекесі  жас  мемлекетіміз  үшін  біртұтас  елдіктің  ынтымақтастық  пен  татулықтың,  сонымен  қатар  өткенге  деген  тағзымды  салауат  пен  болашаққа  деген  сенімді  үміттің  мерекесі  болып  табылады.  Еліміздің  ұлы  тарихына,  

ата - баба  рухына,  аға  ұрпақтардың  қаһармандық  өмір  жолына    құрметпен  басымызды  иіп,  Отанымыз  Қазақстанға  деген  құрметтеу  сезімін  әкелетін  бүгінгідей  мереке  күні  алға  қарай  тағы  да  берік  сеніммен  қарап,  болашақтың  тыныш  өмірінің  негізін  қалау  үшін  алдағы  уақытта  да  бұл  бағыттағы  іс - әрекетті  жалғастыруымыз  керек.    


Просмотров: 726
Дата создания: 25.12.2012
Дата редактирования: 25.12.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource